Қоғам

Жетісу облысында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды

Ақсу ауданының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында әдеп және құқықтық нормалардың өрескел бұзылу фактісін анықтады.

Фото: из открытых источников

Атап айтқанда, мемлекеттік орган қызметкері заңмен белгіленген тыйымдарға қарамастан, құмар ойындар ойнағаны белгілі болды.

Қадағалау органы мұндай әрекет мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық екенін атап өтті.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде аталған қызметкер атқарып отырған лауазымынан босатылды.

 

Сайт Әкімшілігі