Жетісу облысында табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланғандар анықталды
Жетісу облысында Қаратал өзенінің жағалауында жүргізілген рейд кезінде табиғи ресурстарды заңсыз пайдалануға қатысты дерек тіркелді.
Талдықорған маңындағы аумақты тексерген табиғатты қорғау полициясы мен қала инспекторы заңсыз әрекеттерге пайдаланылған LiuGong тракторы мен Shacman жүк көлігін анықтады.
Аталған факті бойынша тиісті материалдар жинақталып, әрі қарай шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жіберіледі.
Полиция мәліметінше, өңірде табиғатты қорғауға бағытталған рейдтер тұрақты түрде өткізіледі. Негізгі мақсат – табиғи ресурстардың заңсыз пайдаланылуына жол бермеу және қоршаған ортаға келетін залалдың алдын алу.