Live

Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді

Жаркент қаласына жақын аумақта магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі болды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Фото: ашық дереккөз

Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы хабарлады.

Жедел мәліметтерге сәйкес, жерасты дүмпулері 31 наурыз күні Астана уақытымен сағат 00:42-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.

Мамандардың дерегінше, эпицентр координаттары 44.46 градус солтүстік ендік пен 79.91 градус шығыс бойлықта орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4,4 болса, энергетикалық класы K=9,3 деп бағаланған.

Әзірге зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат тіркелмеген.

Сайт Әкімшілігі