Қоғам

«Жүрегімде мұң, көзімде мұң»: Тоқаев жастарға мұң-қайғы жараспайтынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқулықтары мен оқу материалдарындағы тексерілмеген тарихи деректерді қайта қарауды тапсырды.

Фото: Ақорда

Президенттің айтуынша, жақында мектеп оқулықтарынан 700-ден астам өрескел қате анықталған. Мемлекет басшысы мұндай қателер орта білімнің сапасына кері әсер ететінін атап өтті. Тоқаев балаларға тексерілмеген тарихи оқиғалар мен жалған «қаһармандар» туралы мәлімет беретін оқу материалдарын қайта қарау қажет екенін айтты.

Оның пікірінше, ойдан құрастырылған деректер арқылы жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу дұрыс емес.

«Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек. Бұл жөнінде үнемі айтып келемін. Біздің кейбір қаламгерлеріміз «мұң» деген сөзді жақсы көреді: «жүрегімде мұң, көзімде мұң»! Мұң-қайғы жастық шаққа, жастарға жараспайды. Жастарымыз өз халқының тарихын дұрыс түсіне отырып, болашаққа үмітпен және сеніммен қарауға тиіс», - деді Тоқаев.

Сайт Әкімшілігі