09:56, 17 Қаңтар 2024
Костенко шахтасындағы апат бойынша қозғалған істе 9 адам күдікті деп танылды

"Костенко шахтасындағы жарылысты тергеу аяқталуға жақын. Шахтадағы 9 лауазымды тұлға күдікті деп танылып, қамауға алынды" деп хабарлады Бас прокуратура.
Үкімет комиссиясы еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жауапты 19 адам анықтағанын айтқан болатын.
Еске салайық, 9 қаңтарда төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов тергеуде жауап алынып жатқан адамдардың аты-жөнін атады
"Олар - лауазымды тұлғалар. Бас директор Яблонский, персоналдар директоры Винокуров, көмір департаментінің техникалық директоры Белый, көмір департаментінің атқарушы директоры Огай және тағы басқалар" деді Шәріпханов.