Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:38, 02 Қараша 2023

Пхеньян кейінгі үш айда Ресейге 1 миллионнан астам снаряд тасымалдады

ущущ
Фото: из открытых источников

Мұны Оңтүстік Корея барлау қызметіне сүйенген сол елдің парламент депутаты Ю Сан Бом хабарлады. Айтуынша, барлау қызметі Солтүстік Кореядан Ресейге жіберілген 10-нан астам снаряд тасымалын тіркеді. Оларды жеткізуге ұшақтар мен кемелер қолданылған.

Барлау қызметінің дерегінше, снарядтар теміржолмен Украинаның оккупацияланған аудандарына жеткізіліп, майданда қолданылған. Оңтүстік Кореяның барлау қызметі Ресей снаряд орнына Пхеньянға спутникке арналған технология берген болуы мүмкін деп тұжырымдайды.

Сеул әзірге депутаттың мәлімдемесіне түсініктеме берген жоқ.