Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:45

Ресей Украина шекарасына жақын буферлік аймақ құрмақ

Украина
Фото: ашық дереккөз

Ресей Федерациясы Украинамен шекаралас аймақта буферлік аймақ құруға ниетті. 

Мұндай тапсырманы ел президенті Владимир Путин үкімет мүшелерімен өткізген жиын барысында берген. Кремль басшысы бұл шешімді шекара маңындағы қауіпсіздікті күшейту қажеттілігімен түсіндірді.

«Біздің әскерилер өздеріне жүктелген міндетті орындай бастады. Шекаралас аймақ тұрғындарын қорғау – басты мақсат», - деді Путин.

Алайда бұл бастамаға Украина тарапы қатаң қарсылық білдірді. Елдің Сыртқы істер министрлігі бұл әрекетті басқыншылықтың кезекті көрінісі деп бағалады. Министрлік өкілі Георгий Тихий Кремльдің бұл шешімі «соғыстың тек Ресейге тиімді екенін» айқын дәлелдеді деді.

«Буферлік аймақ дегеніміз — уақытша демеу емес, тұрақты оккупацияны заңдастыру амалы. Бұл – бітім емес, агрессияны жалғастыру», - деді Тихий.

Оның айтуынша, АҚШ, Еуропа елдері және Украинаның өзі атысты тоқтату үшін 30 күндік немесе одан да ұзақ мерзімді бітім шартын ұсынған. Алайда бұл бастамаларға тек Кремль кедергі келтіріп отыр.

Батыс елдері бұл жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. Сарапшылар болса, буферлік аймақ құру — жаңа майдан желісінің қалыптасуына себеп болуы мүмкін деп алаңдаулы.