Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:52, 22 Қаңтар 2024

Жамбыл облысында пойыз қаққан екі жұмысшы көз жұмды

пойыз
Фото: из открытых источников

21 қаңтар күні сағат шамамен 07.27 уақытында Шу-Шығанақ учаскесінде (Жиделі-Бірлік жолының 1488 шақырымы) Астана-Шымкент бағытындағы №71 жолаушылар пойызы екі жұмысшыны қағып кетті, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Шу станциясының төрт жұмысшысы аталған учаскеге басқа пойыздың вагонынан түсіп қалған траингель башмағын табу үшін шыққан.

Оқиға орнында 1962 жылы Тоқтағұл Истаев және 1966 жылы туған Талғат Қазабеков көз жұмды.

ҚТЖ баспасөз қызметі істің мән-жайын анықталатынын, қайтыс болғандардың туған-туыстарына қажетті барлық көмекті беретінін хабарлады. Барлық мән-жайларды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы барып тексеру жүргізетінін мәлімдеді. 

Тегтер: