Бүгін, 17:25
Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Антикордың мәліметінше, бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев алаяқтық, аса ірі көлемдегі ұрлық және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген айыптар бойынша кінәлі деп танылды.
Сот оны 9 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды.
Іс материалдары құпия болғандықтан, тергеу барысы мен өзге мәліметтер жария етілмейді. Белгілісі — Бекетаев мүдделі компанияның мүддесін заңсыз түрде қорғап, мемлекетке ірі көлемде залал келтірген. Ол елден қашпақ болған кезде қолға түскен.
Еске салсақ, Бекетаев Әділет министрлігін 2016 жылдан 2022 жылға дейін басқарған. Кейін премьер-министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.