12:00, 23 Сәуір 2025
Бұл оқиғаның саясатқа еш қатысы жоқ - Айдарбек Қожаназаров

Айдарбек Ходжаназаров Берденовке жасалған шабуылды тұрмыстық жағдаймен байланыстырды.
Respublica партиясының төрағасы әрі Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді.
«Ондай оқ атылған шабуылдан тірі қалу — үлкен сәттілік. Реабилитацияға біраз уақыт қажет болады. Біз бәріміз қатты уайымдадық», — деді депутат.
Шабуылдың саяси астары бар ма деген сұраққа Қожаназаров: «Меніңше, бұл оқиғаның саясатқа еш қатысы жоқ. Бұл — жеке мәселе. Қандай да бір нұсқаға сенбеймін. Бұл — тұрмыстық сипаттағы қылмыс деп ойлаймын», - деп жауап берді.