09:48, 28 Қараша 2023
Түнгі клубта төбелескен ақтаулық екі полицей қызметінен қуылды

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы түнгі клубтардың бірінде екі полиция қызметкерінің төбелескені тарады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркелді, деп жазды mangystaumedia.kz басылымы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан босатылды.
Облыстық полиция департаменті «төбелеске асхана пышағы қолданылды» деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын түсіндіреміз», –деп атап өтті облыстық полиция департаменті.