Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізіледі?
Мәжіліс депутаттары Салық кодексінің жаңа жобасы мен оған салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді әзірлеуге кірісті.
Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізіледі?
1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің саны кемінде 20 пайызға қысқартылады;
2. Салық жеңілдіктері ретке келтіріліп, олардың көлемі кемінде 20 пайызға қысқартылады;
3. Экономиканың түрлі секторындағы сараланған салық мөлшерлемелеріне көшу жүзеге асырылады;
4. Арнайы салық режимдерінің тек үш түрі ғана оңтайландырылады;
5. Салық әкімшілігінің сервистік моделі енгізіледі.
6. Салық есептерінің саны 30 пайызға қысқарады және басқа да нормалар ұсынылды.
Жобалар бойынша жұмыс Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Берік Бейсенғалиев жетекшілік ететін жұмыс тобының отырыстарында жалғасады.