Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 10:35

"Шерзатты жарақаттаған туған әкесі – Қаржаубай Нұрымов болуы мүмкін"

Әбенов
Фото: Жоғары сот

Мұны сотта айыпталушы Абзал Шынасылдың адвокаты Жұман Әбенов айтты.

Адвокаттың айтуынша, қорғауындағы адамның кінәсін дәлелдейтін бірде-бір сараптама жоқ.

"Мүмкін, абайсызда Шерзаттың әкесі – Қаржаубай Нұрымов – баласын өзі жарақаттап алған шығар? Неліктен бұл нұсқаны қарастырмаймыз? Мүмкін, сондықтан пышақты жасырып қойған шығар? Бұл пышақ бойынша ешқандай сараптама жүргізілген жоқ. Олар оны неге жасырды?" – деді адвокат.

Ол Абзал Шынасылды "Адам өлтіру" бабы бойынша ақтауды сұрады.

Еске салайық, Шерзатты өлтіру ісі бойынша мына мерзімдер сұралды:

Абзал Шынасыл – Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша 23 жылға бас бостандығынан айыру;

Равиль Сакиев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру;

Шыңғыс Белгожаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Дархан Аскентай – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Нұрқияс Ілясов – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 9 жыл;

Нұрбол Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Азамат Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша қосымша саралау мүмкіндігімен 15 жыл;

Дидар Қалиахмет – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Дидар Ысқақ (кәмелет жасына толмаған) – Қылмыстық кодекстің 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.

Тегтер: