Live

Астанада коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері жалақы мәселесіне байланысты наразылыққа шықты

Оқиға 17 наурыз күні таңертең Elorda Eco System аумағында болды.

1

Жұмысшылардың айтуынша, олардың еңбекақысы атқарып отырған жұмыстың көлемі мен шарттарына сай келмейді. Олар жалақыны шамамен екі есеге арттыруды талап етті. Сонымен қатар, артық жұмыс уақыты мен сыйақылардың төленбеуі мәселесі де көтерілді.

Кәсіпорын басшылығы аптаның соңына дейін сыйақылар төленетінін және жалақыны көтеру мәселесі қаралатынын мәлімдеді.

Ал әкімдік өкілдері қоғамдық тәртіптің бұзылу деректері тіркелгенін хабарлады. Наразылыққа қатысушылардың бір бөлігі құқық қорғау органдарына жеткізілген.

Тегтер: Астана
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз