Live

Каспий теңізі тартылып, Ресейдегі арал жоғалып кетуі мүмкін

Каспий теңізі тартылып, Ресейдегі аралдардың бірі құрлықпен қосылуы мүмкін.

Арал

Ресей аумағындағы Нордовый аралы Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты біртіндеп жағалауға жақындап келеді. Аумағы шамамен 63 гектар болатын арал алдағы 20 жылда материкпен толық бірігуі мүмкін.

Нордовый аралы Кизляр шығанағында орналасқан. Соңғы жылдары теңіз суы шегініп, арал мен құрлық арасындағы таяз бұғаздар құрғай бастаған. Соның салдарынан олардың арасында жаңа жер телімдері пайда болып жатыр. Соңғы бес жылда Каспий теңізінің деңгейі шамамен 1,5 метрге төмендеген.

Егер су деңгейі осылай төмендей берсе, алдағы 20 жылда теңіз тағы 4-5 метрге тартылуы мүмкін. Бұл жағдайда Нордовый аралы құрлықпен тұтасып, түбекке айналуы ықтимал. Осындай өзгерістер басқа аралдарда да болып, олардың орнында жаңа құрлық аумақтары пайда болуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, соңғы 4-5 жылда Каспийдің солтүстік бөлігінде теңіз суының шегінуінен жаңа жерлер қалыптаса бастаған. Мұндай құбылыс Каспий итбалықтары мекендейтін Құлалы, Морской, Святой, Подгорный, Үшарал және Долгий аралдарының маңында да байқалады. 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Каспий Арал
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз