Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:00

Алматының Наурызбай ауданындағы референдум учаскесіне батырлар келді

Р

Бүгін Наурызбай ауданындағы референдум учаскелерінің біріне батырлардың киімін киген тұрғындар келді. 

Ұлттық кейіпкерлердің бейнесі дауыс берушілердің назарын бірден аударып, учаскеде ерекше рух қалыптасты.

Р

Тұрғындар келген қонақтармен бірге суретке түсіп, мұндай бейнелер іс-шараға мерекелік көңіл-күй сыйлағанын атап өтті.

Қатысушылардың айтуынша, олар осылайша референдумды қолдап, тұрғындардың көңілін көтеріп, маңызды шешімдерді бірге қабылдау дәстүрін еске салуды мақсат еткен.

Р

Олардың айтуынша, ертеден-ақ маңызды мәселені халық ақылдасып шешкен, сондықтан әр адамның атсалысуы үлкен мәнге ие.

Тегтер: