Саясат

Жаңа Конституция жастарға бағыт-бағдар болуы тиіс — Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдеріне арналған брифингте жаңа Конституция жобасына қатысты пікір білдірді

Тоқаев

— Мен бұған дейін де айттым: бұл – Әділетті Қазақстанның Конституциясы,  Заң мен тәртіптің Конституциясы. Бұл – болашаққа бағытталған Конституция, — деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа Негізгі заңның мазмұны едәуір дәрежеде жас ұрпаққа арналған.

— Бұл Конституция ең алдымен жастарға бағыт-бағдар, жол көрсететін құжат болуы тиіс. Бұл — оның басты мақсаты. Қазақстан прогрессивті әрі заманауи мемлекет болуы керек. Бұл – біздің алдымызда тұрған өте маңызды міндет, — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз