Саясат

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне келді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммитіне қатысу үшін Президент кешенінің көрме орталығына келді.

Тоқаев

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті саммитіне қатысу үшін көрме орталығына келген.

Саммитке қатысушы делегация басшылары бірлесіп естелік суретке түсті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің ашылу салтанатына қатысқан болатын.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті мен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Анкарада Түркі әлемі аллеясын ашты.

Іс-шара барысында мемлекет басшыларына киіз үйдің ішкі безендірілуіне негіз болған ежелгі түркі өркениетінің бастаулары таныстырылды. Атап айтқанда, сақтардың тарихи мұрасы, халқымыздың табиғатпен үйлесімді өмір сүру салты және қазіргі Қазақстанның келбеті туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертіне қатысты.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз