Саясат

Қазақстанда шенеуніктердің азаматтар өтінішін бір-біріне сілтей беруіне шектеу қойылады

2026 жылғы 8 қарашадан бастап Қазақстанда мемлекеттік органдардың азаматтардан келіп түскен өтініштер мен сұрақтарға жауап беру тәртібі өзгереді. Үкімет тиісті қаулы қабылдады.

Құрылтай

Жаңа ережелер мемлекеттік органдардың азаматтарға қалай жауап беру керегін нақтылайды. Сондай-ақ азаматтардың өтінішін бір мекемеден екіншісіне қайта-қайта жібере беру тәжірибесіне шектеу қояды.

Мемлекеттік органдар қалай жауап береді?

Егер азамат заң бұзушылық немесе мемлекеттік мекеме жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарласа, тиісті орган қандай шара қабылдағанын немесе қабылдап жатқанын түсіндіруге міндетті. Ал көрсетілген деректер расталмаса, оның себебін нақты түсіндіруі керек.

Егер азамат қандай да бір ұсыныс жасаса, мемлекеттік орган оның қаншалықты орынды екенін бағалап, ұсыныстың қаралатынын не қаралмайтынын хабарлауы тиіс.

Ал ақпарат сұратқан азаматқа қойылған әр сұрақ бойынша толық жауап берілуі керек. Тек қолжетімділігі шектелген ақпарат бұған кірмейді.

Өтінішті бір мекемеден екіншісіне жібере беруге шектеу қойылады

Жаңа ережеде азаматтардың өтінішін мемлекеттік органдар арасында қайта-қайта жолдау мәселесіне де назар аударылған.

Егер өтініш немесе ондағы белгілі бір сұрақ үш немесе одан да көп рет бір мекемеден екіншісіне жіберілсе, келесі жолы мемлекеттік орган мұның себебін жазбаша түсіндіруге міндетті.

Атап айтқанда, орган:
🔺мәселені неге өзі шеше алмайтынын;
🔺өтінішті не себепті басқа мекемеге жіберіп отырғанын;
🔺екі мемлекеттік органның да өкілеттігі қандай заң нормаларына негізделгенін түсіндіруі керек.

Сонымен қатар өтінішті қарауды жеңілдетілген тәртіппен тоқтатуға тек Қазақстанның Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 88-бабында көрсетілген жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

Жаңа ережелер 2026 жылғы 8 қарашадан бастап күшіне енеді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Шенеунік
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз