Саясат

Жеңіс Қасымбек Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды.

Жеңіс Қасымбек

Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Жеңіс Қасымбек ұйымның кезектен тыс конференциясында президент болып сайланған.

Бұл шешім Қазақстан 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына дайындалып жатқан кезеңде қабылданды.

Федерацияның хабарлауынша, жаңа президенттің басшылығымен ұйым бұрын басталған бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырады.

Негізгі жұмыс бағыттары – елімізде үстел теннисін дамыту, спортшылардың сапалы дайындалуына жағдай жасау және Қазақстанның халықаралық спорт қауымдастығындағы беделін нығайту.

Айта кетейік, 2027 жылы Астанада ITTF World Table Tennis Championships Finals әлем чемпионаты өтеді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз