Саясат

Трамп Тоқаевқа құттықтау жолдап, кездесетінін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады.

Тоқаев пен Трамп

Ақ үй басшысы құттықтау жеделхатында соңғы бір жылда екі ел арасындағы қарым-қатынастың айтарлықтай дамығанын атап өтіп, алдағы уақытта Қазақстан президентімен жеке кездесетінін мәлімдеді.

Дональд Трамптың құттықтау хатында бірнеше маңызды мәселеге назар аударылған.

Екіжақты әріптестік пен экономикалық байланыстар туралы:

"Өткен бір жыл ішінде халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан бастап, екі елге де пайда әкелетін маңызды коммерциялық келісімдер жасасуға дейінгі аралықта әріптестігімізді тереңдете түскенімізді мақтан тұтамын", – деді АҚШ президенті.

Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы туралы:

"1991 жылы Америка Құрама Штаттары Қазақстанды халықаралық аренада егемен мемлекет ретінде бірінші болып мойындады. Сіздің еліңіздің тәуелсіздігіне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына деген біздің қолдауымыз мызғымайды", – делінген құттықтау хатында.

Америкалық компаниялардың Қазақстан экономикасындағы рөлі туралы:

"Америкалық компаниялар Қазақстанның экономикалық жетістіктеріне елеулі үлес қосты және алдағы уақытта да маңызды рөл атқара береді. Елдеріміз арасындағы нығайып келе жатқан достық қарым-қатынас алдағы ондаған жыл бойы нақты нәтижелер беретініне сенімдімін", – деп атап өтті Трамп.

Құттықтау жеделхатының соңында АҚШ президенті желтоқсан айында өтетін G20 саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді асыға күтетінін жеткізді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз