Саясат

Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына бақылаушы ретінде қосылуға шақырды

Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйлеп, ынтымақтастықтың басты қағидаты – егемендік пен ұлттық мүдделерді құрметтеу екенін атап өтті.

Тоқаев

Тоқаев Ресейдің «ТМҰ+» форматына қосылу немесе ұйым жұмысына бақылаушы ретінде қатысу ниетіне оң көзқараспен қарауды ұсынды.

– Ұйымымыздың беделін арттыру үшін Ресейдің ниетіне оң пікірімізді білдіріп, бұл елді осы форматқа қосылуға немесе Ұйымға бақылаушы ретінде қатысуға шақырсақ, дұрыс әрі әділетті шешім болар еді. Өйткені Ресей ірі мемлекет ретінде көне заманнан бері түркі әлемімен тығыз байланыста болған. Бұл елде тарихи мекенін тапқан түркі халықтары көп. Қазіргі таңда Ресей «Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» деген тұжырымдаманы дәріптеуде. Қазақстан бұл тұжырымдаманы қолдайды. Орыс тілінде түркі тілдерінен тамыр тартатын сөздер де аз емес. Жалпы, Ресей түркі елдерінің, яғни біздің Ұйымның бір бөлігі болса, бәрімізге пайдасын тигізер еді, – деді Тоқаев.

Сондай-ақ ол Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен тауар айналымы биыл 10 миллиард долларға жуықтағанын айтты. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40%-ға жоғары.

Мемлекет басшысы ұйымның 2027-2031 жылдарға арналған стратегиясын қабылдауды жеделдетіп, Түркі инвестициялық қорының мүмкіндіктерін белсендірек пайдалануға шақырды.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз