08:53, 22 Қаңтар 2024
Абай облысында бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Абай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар қашықтықтан оқу форматына ауыстырылды, деп жазды Zhasalash.kz.
Бородулиха ауданындағы 6 мектептің 1-11 сынып оқушылары
Көкпекті ауданындағы 15 мектептің 1-11 сынып оқушылары
Ақсуат ауданындағы 17 мектептің 1-11 сынып оқушылары
Бесқарағай ауданындағы 1 мектептің 1-11 сынып, 3 мектептің 1-9 сынып, 1 мектептің 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.