Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:15, 23 Қараша 2023

Қазақстан Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды

комитет
Фото: из открытых источников

Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі атанды 

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлім етті.

«Парижден жағымды жаңалық жетті. ЮНЕСКО Бас конференциясы жұмысының соңғы күні Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды», - деп сүйіншіледі Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Құрамына 21 мемлекет кіретін Дүниежүзілік мұралар комитеті ─ ЮНЕСКО-ның аса маңызды әрі беделді басқарушы органы. Бұл Комитеттің нысандарды Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге және алып тастауға айрықша құқығы бар.

«Қазақстанның кандидатурасын 118 мемлекет қолдады. Еліміздің Дүниежүзілік мұралар комитетіне мүше болып сайлануы бірегей мәдени және табиғи мұраларамызды сақтауға қатысты белсенді жұмысымызды халықаралық қауымдастықтың мойындайтынын көрсетеді», - деді Е. Қарин.

Еске салайық, бұған дейін ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кеңсесіне Көпсекторлы аймақтық кеңсе (Бюро) мәртебесін беру туралы шешім қабылданған болатын.