Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:20

Үш апта дегенде “көлік министрі” тағайындалды

Сауранбаев
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Президентінің Жарлығымен Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі лауазымына тағайындалды.

Сауранбаев бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы және «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, ол 2017–2018 жылдары Шымкент қаласының әкімі, ал 2014–2016 жылдары Қорғаныс министрінің орынбасары болған.

Енді ол Марат Қарабаевтың орнына келді. Еске салайық, Қарабаев бұған дейін сөгіс алып, кейін отставкаға кеткен еді.

Нұрлан Сауранбаев басқарған кезеңдегі ҚТЖ жетістіктеріне тоқталайық:

Көрсеткіштердің өсуі. Нұрлан Сауранбаев басшылық еткен кезде ҚТЖ-ның жүк айналымы 236 млрд тонна-шақырымнан 272 млрд тонна-шақырымға дейін өсті. Транзиттік тасымал көлемі 17,6 млн тоннадан 27,5 млн тоннаға дейін артты. Контейнерлік тасымалдар екі еселеніп, 876 мыңнан 1,4 млн ЖФЭ-ге жетті. Қытаймен тасымалда рекорд орнатылды — 32 млн тонна.

Қаржылық жетістіктер. Компанияның табысы екі еселеніп, 2,2 трлн теңгеге жетті. Таза пайда 9 есе өсіп, 158 млрд теңге болды. Қызметкерлердің жалақысы көтеріліп, қаржылық тұрақтылық күшейтілді.

Жылжымалы құрамды жаңарту. 424 локомотив пен 369 жолаушылар вагоны сатып алынды. «Stadler Kazakhstan» зауытында 557 вагон өндіру басталды. 2030 жылға дейін жылжымалы құрамды толық жаңарту жоспарланған.

Инфрақұрылымды жаңғырту. Жыл сайын шамамен 1400 км теміржол жөнделеді. Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдар салу аяқталды. Қазір мына жаңа теміржол бағыттары салынып жатыр:

– Алматы айналма жолы;

– Дарбаза – Мақтаарал;

– Бақты – Аягөз;

– Қызылжар – Мойынты.

Халықаралық деңгейге шығу. ҚТЖ терминалдары Қазақстанда ғана емес, Қытай, Әзірбайжан, Ресей мен Беларусь елдерінде де ашылды. Транскаспий дәлізі бойынша тасымал көлемі 33 есе өсті.

Тегтер: