Миллионер Нұрлан Смағұлов туралы кітапты басқа миллионер жазды

Ол туралы инвестор Арманжан Байтасов кітап жазған.
Қазақстандық кәсіпкер, медиа саласындағы танымал инвестор Арманжан Байтасов досы әрі белгілі бизнесмен Нұрлан Смағұловқа арналған «Нұрлан Смағұловтың принциптері» атты кітабының жарық көргенін хабарлады.
«Бүгін менің жақын досым Нұрлан Смағұловтың туған күні. Достығымызға 30 жылдан асты. Бұл жазбада көп нәрсе айтуға болар еді, бірақ мен одан да маңызды нәрсені бөліскім келеді», - деп жазды Байтасов.
Кітапта Нұрлан Смағұловтың балалық шағынан бастап, мектеп пен студенттік өмірі, ірі бизнес жобаларына дейінгі жолы баяндалады. Атап айтқанда, «MEGA» сауда орталықтары желісінің құрылуы, зауыттар салу және өнер туындыларын жинауға деген қызығушылығы туралы айтылады.
«Нұрлан – жай ғана ірі кәсіпкер емес, еліміз үшін сирек кездесетін визионер. Сонымен қатар ол тамаша әңгімеші», - дейді Арманжан Байтасов.
Айта кетейік, Нұрлан Смағұлов 2024 жылғы Қазақстан рантье тізімінде бірінші орынға ие болған. Сонымен қатар ол елдегі ең ықпалды бизнесмендер рейтингінде сегізінші орында тұр. Оның байлығы – 990 миллион доллар.