10:01, 27 Ақпан 2024
Палестина премьер-министрі отставкаға кетті
Палестинаның премьер-министрі Мохаммад Штайе отставкаға кетті. Сондай-ақ ол Газа секторындағы «геноцид пен ашаршылыққа» байланысты үкіметінің отставкаға кеткенін мәлімдеді.
«Оставкаға кету туралы шешім Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Иерусалимдегі бұрын-соңды болмаған шиеленістерге, сондай-ақ Газа секторындағы соғыс, геноцид және ашаршылыққа байланысты қабылданды. «Келесі кезең мен оның қиындықтары Газа секторындағы жаңа шындықты және Палестина бірлігі мен Палестина жеріне билік бірлігін кеңейтуге негізделген консенсус қажеттілігін ескеретін жаңа үкіметтік және саяси тетіктерді қажет ететінін көремін» деді Мохаммад Штайе.