Қазақстанда алты айда 95 полиция қызметкері жемқорлық үшін сотталған

2024 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Қазақстанда 95 полиция қызметкері жемқорлық үшін сотталған, деп хабарлайды Бірінші несие бюросы.
«Қаңтар-шілде айларында сот 95 полиция қызметкерін сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша кінәлі деп тапты. 80% жағдайда полиция қызметкерлері «пара алу» және «алаяқтық» баптары бойынша сотталған», - делінген хабарламада.
Құқықтық статистика комитетінің мәліметінше, 47 полицей пара алғаны үшін, 27-сі алаяқтық үшін сотталған. Қалған айыптау үкімдері пара алу (жеті іс), пара алу бойынша делдалдық (бес), билікті асыра пайдалану (төрт), лауазымдық әрекетсіздік (үш) және билікті асыра пайдалану (екеуі) бойынша істі болған.
Жалпы, 2024 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша 557 адам сотталды, оның ішінде 182-сі бас бостандығынан айырылды, 247-сі 3,4 млрд теңге көлемінде айыппұл төледі, 56 адам (шамамен 10%) жазадан босатылды.
Жетi айдың iшiнде сыбайлас жемқорлық фактiлерi бойынша ақтау үкiмдерi бар болғаны екi рет шығарылғаны, екi жағдайда да полиция қызметкерлерiне қатысты болғаны атап өтiлген.