Аймақ

Қарағандыда керамикалық бұйымдар шығаратын зауыт салынып жатыр

Қарағандыда премиум санаттағы клинкерлік плитка өндіріле бастайды.

Р

Жаңа өндіріс импортты қысқартуға, құрылыс материалдарының құнын төмендетуге және шамамен 170 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Зауыт құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Е

Жобаның жүзеге асырылу барысымен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев танысты.

Н

QAZCLINKER компаниясының директоры Дәулет Смағұловтың айтуынша, бұл кәсіпорын елдегі қасбеттік клинкерлік плитка өндіретін алғашқы өндіріс болмақ.

Жобалық қуаты жылына 1 млн шаршы метрге дейін өнім шығаруға жетеді.

П

Біздің ұстанымымыз – қолжетімді бағада премиум өнім өндіру. Қазір технологиялық жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жабдықтар толық сатып алынып, кезең-кезеңімен жеткізілуде. Жобаны өз қаражатымыз есебінен және Қазақстан Даму Банкінің қолдауымен жүзеге асырып жатырмыз, — деді Дәулет Смағұлов.

Өндіріс ішкі нарыққа да, экспортқа да бағытталмақ.

Н

Компания басшысы жобаны жүзеге асыру үшін Қарағанды облысын таңдауға қолайлы логистика мен дамыған инфрақұрылым әсер еткенін атап өтті.

Сондай-ақ маңызды факторлардың бірі – газға қосылу мүмкіндігі. Өндіріс алаңында барлық қажетті инфрақұрылым жасақталған, сондықтан зауыт бірден табиғи газбен жұмыс істейтін болады.

Зауытты іске қосу биылға жоспарланып отыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз