15:45, 04 Қаңтар 2024
Алматыда көпір үстінде жүк көлігі жанып кетті

Алматыдағы Алтын Орда базарының маңындағы көпір үстінде жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлады Zhasalash.kz.
«Өрт орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Ең жақын өрт сөндіру бөлімі оқиға орнынан 20 шақырым қашықтықта болған. Көлікте шаруашылық өнімдері мен құрылыс тауарлары өртенген», - делінген хабарламада.
Жүк көлігі иелерінің айтуынша, өрт дөңгелектеп шыққан, яғни техникалық ақаулықтан болған.
Көпірдегі өрт салдарынан Қарасай ауданында ондаған шақырым көлік кептелісі болды.