Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 12:15

Шерзат Полаттың сот үкімі күні — қазақстандықтар гүл шоғын қоюға шақырылды

Шерзат
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желі қолданушылары 16 жастағы жасөспірімнің отбасына қолдау білдіруге үндеп жатыр.

Олар қайғылы жағдай болған жер — Талғар қаласындағы «Қамажай» дүкеніне гүл қоюды ұсынады.

«Үкімнің қандай болатыны маңызды емес. Ең бастысы — отбасы бізбен екенін білсін», — деп жазды Threads платформасындағы автор.

Сондай-ақ алматылықтар жылы тілектер жазылған хаттар қалдыруға шақырылды. Ал дүкен маңында тұратын тұрғындардан фотоға түсіріп, әлеуметтік желіде тарату сұралды.

Еске салайық, прокурор сотталушыларға 1 жыл 6 айдан 23 жылға дейін жаза беруді сұрады.

Шерзатты өлтіру ісі бойынша мына мерзімдер сұралды:

Абзал Шынасыл – Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша 23 жылға бас бостандығынан айыру;

Равиль Сакиев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру;

Шыңғыс Белгожаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Дархан Аскентай – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Нұрқияс Ілясов – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 9 жыл;

Нұрбол Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Азамат Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша қосымша саралау мүмкіндігімен 15 жыл;

Дидар Қалиахмет – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Дидар Ысқақ (кәмелет жасына толмаған) – Қылмыстық кодекстің 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.

Тегтер: