Иран Ормуз бұғазындағы миналардың орналасу схемасын жариялады
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазы арқылы өтетін жаңа бағыттарды жариялады.
Иран тарапы Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы аймағындағы әскери жағдайдың күрделенуіне, сондай-ақ негізгі қозғалыс аймағында суасты миналарының болуы мүмкіндігіне байланысты ескерту жасады.
Осыған байланысты бұғаз арқылы өтуді жоспарлаған барлық кемелерге ИРСК әскери-теңіз күштерімен қозғалысты алдын ала келісіп, қосымша хабарлама шыққанға дейін балама бағыттарды пайдалануға кеңес берілді.
Кіру бағыты: Оман теңізінен Ларк аралының солтүстігі арқылы өтіп, ары қарай Парсы шығанағына жалғасады.
Шығу бағыты: Парсы шығанағынан Ларк аралының оңтүстігі арқылы өтіп, Оман теңізіне бағытталады.
Айта кетейік, АҚШ пен Израиль операциялары басталғаннан кейін Иран Ормуз ббұғазын жауып қойған рді
Эскалацияға дейін әлемдегі мұнай, газ конденсаты мен мұнай өнімдерінің шамамен 15–20 пайызы, сондай-ақ сұйытылған табиғи газдың 30 пайыздан астамы осы бұғаз арқылы тасымалданған.
Наурыз айында Ұлыбритания, Франция және Жапония бастаған 30-дан астам ел бұғаз арқылы қауіпсіз өтуді қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеген.
8 сәуірге қараған түні АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен екі апталық бітім жариялаған. Оның айтуынша, Вашингтон бұл келісімге Тегеран Ормуз бұғазын «толық, жедел және қауіпсіз» ашуға дайын екенін көрсеткеннен кейін келіскен.
Сонымен қатар, Иран порттар басқармасы кемелер экипажын миналардың болуы мүмкіндігіне байланысты ИРСК әскери-теңіз күштерімен қозғалысты үйлестіруге шақырды.