Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 09:40

Кремль: Германия Украинадағы соғысты одан әрі ушықтырып жатыр

Песков
Фото: zhasalash.kz

Кремль Германия канцлері Фридрих Мерцтің Украинаға қару жеткізуге қатысты мәлімдемесіне жауап қатты. 

Бұған дейін Мерц Киевке сапары кезінде Германия Украинамен бірге алыс қашықтықтағы зымырандарды бірлесіп шығарып, оларды қолдануға ешқандай шектеу қоймайтынын айтқан болатын. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады. Жақын күндері тиісті келісімге қол қойылуы мүмкін. Украина президенті Владимир Зеленский де Германиямен бірлескен өндірісті құру бойынша келіссөз жүріп жатқанын растады.

Аталған мәлімдемеге байланысты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков өз пікірін білдіріп, Германия мен Францияның «соғысты одан әрі ушықтыру ісіне» түскенін атап өтті:

«Бұның бәрі бейбіт келіссөздерге кедергі келтіреді. Осындай арандатушы әрекеттерге қарамастан, біз бейбіт реттеу процесі жалғасып, екінші раунд келіссөздері өтіп, меморандум жобаларымен алмасуға мүмкіндік болады деп үміттенеміз», - деді Песков.

Бұған дейін де Ресей тарабы Германияда жасалған алыс қашықтықтағы зымырандарды Украина қолдануы мүмкін екенін сынға алған еді. Ресейлік пропагандист, «Россия сегодня» және RT арнасының бас редакторы Маргарита Симоньян бұл жөнінде өз пікірін білдірген.

Бұл жаңалық Ресей мен Батыс арасындағы қарым-қатынас одан әрі ушығуы мүмкін екенін көрсетіп отыр.