Зейнеткерлердің өмір жасын ұзарту жолы

Жақында Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында зейнеткерлерді қолдау, өмір жастарын ұзарту мақсатында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» жұмысын бастады.Орталық облыс әкімдігінің қолдауымен пайдалануға берілді.
Онда аймақтағы зейнет жасындағы белсенді, өмір жасын ұзартуды көздеген қарт адамдардың денсаулығын қолдап, көңіл күйлерін көтеріп, бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады.
Аталған орталықтың ашылуына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, жиналғандарды құттықтап, сөз сөйледі.
Облыс әкімі құттықтау сөзінде, ардагерлердіңқоғамдағы орнын, жастарға, ұрпақ тәрбиесінегі алатын орындарын ерекше бағалап, қарияларға алғыс білдірді. Егеменді еліміздің тұрақтылығынорнықтыруда, жастарымыздың бойында ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыруда үлестеріңіз бар деп, қарияларға арқа сүйейтінін, халықты ұйыстыруда, бірлікке үндеуде, өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген зейнеткерлерге ақ жарма тілек білдірді.
Сондай-ақ орталықтың директоры Олжас Ақылбаев орталықта қариялардың өмір сапасын жақсарту үшін жасалатын іс-шаралар жөнінде тарқатып айтты. Ондағы қызметтер желісінде психологиялық кеңес және тренинг, дәрігердің тағайындауы бойынша әр адамның денсаулығын бақылау арқылы түрлі ем-шара, физиотерапия, тренажерлер, массаж, тұзды шахта, нуга бест, фито бар, би, йога, шашки, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд, үстел теннисі, тіл оқыту, музыка, қолөнер үйірмелері бар екенін айтты.
Жанна Ахатқызы
Жамбыл облысы