Бүгін, 09:53
Қарағанды облысында тұрғын үйде жарылыс болып, сегіз адам зардап шекті
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында тұрғын үйде газ қоспасының жарылысы болып, сегіз адам зардап шекті.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға туралы хабар 112 пультіне түскеннен кейін төрт минут ішінде құтқарушылар оқиға орнына жеткен. Жарылыстан кейін пәтерде жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенген.
Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан бес адамды эвакуациялады. Полиция қызметкерлері де тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарған. Қалған тұрғындар өздігінен сыртқа шыққан.
Зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемеге жеткізілді. Олардың бесеуі – полиция қызметкерлері.
Өрт 40 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр.