СЕГІЗ ҚЫРЛЫ ҒАЛЫМ

(тілші-ғалым Нұргелді Уәли туралы ойтолғам)
Қазақ тіл ғылымының өрісін кеңейтіп, лексикография, лексикология, тіл мәдениетісалаларының дамуына елеулі үлес қосып, тілдіңмәдени-танымдық, орфоэпиялық, орфографиялықжәне семантикалық, фразеологиялық жүйелерінкешенді зерттеп келе жатқан нағыз еңбекқор ғалым– Нұргелді Мақажанұлы Уәли – сегіз қырлы, бірсырлы ғалым! Ол – тіл ғылымының тереңсырларына бойлап, оның теориялық тұғырын да, практикалық өрісін де, ғалым даярлауда да ұстаздық шеберлігін тең ұстаған өнегелі ғалым! Расымен де әрбір сөздің құрылымдық-мазмұндықболмысын, мәдени-тарихи мәнін, мағыналық өрісімен концептілік кеңістігін, лексикографиялықрәсімделуін талдауда еш мүдірмейтін, қазақтыңәрбір сөзін түгендеп жүретін ағайдың дара қасиетіоның жанкешті еңбегінен көрініп-ақ тұрады. Сондықтан болар Нұргелді ағайды ғылыми орта “әмбебап ғалым” дейді. Нұргелді ағайдың ғылымғадеген тазалығын, қамқорлығы мен шынайылығынкөріп, тәлім алған біздер бақыттымыз! Біздіңжүрегімізге ғылымдағы адалдықты, ғылымиізденістегі табандылықты ұялатқан Нұргелдіағайдың бағыты мен бағдары біз үшін руханиқұндылық! Ендігі кезекте Нұргелді ағайдың бізтаныған сегіз қырын былайша түсіндірейік:
Бірінші қыры – сөздіктанушы және сөздіктүзу ісінің шебері
Иә, профессор Нұргелді Уәли – 15 томдық «Қазақәдеби тілінің сөздігін» құрастырудың ғылымижетекшісі әрі жалпы редакциясын басқарушы, үйлестірушісі болды. Бұл сөздікке енген мыңдағанкөне және сирек сөздер Н. Уәлидің көп жылдықжеке картотекасының негізінде іріктеліп алынғанеді. Оны бірі білсе, бірі біле бермейді. Бірақ біз өзкөзімізбен көрдік. Ағай жиып-тергендерінқимақағаздарға түртіп сөздікке тіркелген/тіркелмеген деп белгі қойған болатын. Бәлкімағайдың жинаған картотекалық еңбегі 15 томдықсөздік құрастыруға бастамашыл идея болып, ынталандырған да болар! НұргелдіМақажанұлының сөздіктің жалпы ғылымитұжырымдамасын жасауы, лексикографиялықбағыттар мен қағидаларды белгілеуі, редакциялықтопты басқаруы, құрылымдық принциптердіүйлестіруі, қазақ тілінің көркемдік, стильдік, тарихи және әлеуметтік қырларын қамтитын әдебинормалар мен қолданыстарды жүйелеуі, сөздіктіңмазмұндық және стильдік бірізділігін қамтамасызетуі, мағына (дефиниция) құрау әдістерін әзірлеуі – үлкен шеберлік!
Екінші қыры – сөз мәдениетін жүйелізерттеуші ғалым.
Н. Уәлидің ғылыми жолы қазақ сөз мәдениетінзерттеумен тығыз байланысты. Оның 1984 жылыжарық көрген «Сөз мәдениеті» атты еңбегі қазақлингвистикасында тың серпіліс тудырды. Бұл еңбек– сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздерінқалыптастырған алғашқы зерттеулердің бірі. Ғалымсөз мәдениетін коммуникативтік, прагматикалық, нормативтік және когнитивтік қырларынанзерделей отырып, бұл саланы дербес ғылыми пәнретінде қалыптастыруға үлес қосты және жалпыбілім беретін мектептің бағдарламасына енгізіп, 10 сыныптың “Сөз мәдениеті” оқулығын құрастырды. Оқулықта қазақ тілінің кітаби тілі, сөйлеу тілі, әдеби тіл мен ауызекі тілдің айырмашылығы, сөзәдебі, тілдік нормалар, орфоэпиялық жәнеорфографиялық нормалар, тілдік этикет сияқтыөзекті тақырыптар ғылыми негізде, бірақ оқушыдеңгейіне сай тілмен түсіндірілді. Қазақ тілініңмәдени, функционалдық және прагматикалыққырларын қамтитын маңызды оқу құралынаайналды.
Үшінші қыры – қазақ орфографиясынжетілдіруші ғалым.
«Қазақ графикасы мен орфографиясыныңфонологиялық негіздері» атты диссертациясынанбастап, ғалым қазақ орфографиясының ғылыминегіздерін зерттеуге ерекше ден қойды. «Қазақтілінің орфографиялық сөздігі» (1988, 2001, 2005) мен «Емлесі қиын сөздер» секілді іргелі еңбектерітанылды. Сонымен қатар, ғалымның латынграфикасына көшуге байланысты ұсынғантұжырымдары мен пікірлері әліпби реформасынжетілдіруге себеп болды.
“Емлесі қиын сөздер” еңбегі – жазуда жиішатастырылатын, емлесі тұрақсыз немесе даулысөздердің дұрыс жазылуын жүйелеуге арналғантүсіндірме-анықтамалық құрал. Сөздікке қазақтіліндегі шеттілдік, кірме, жаңа қолданыстағы, кәсіби, терминологиялық және халықтық сөздеренгізген. Онда сөздердің емле үлгілері, кейбіржағдайда этимологиясы мен орфографиялықнұсқалары берілді.
Төртінші қыры – орфоэпия теориясынжүйелеген ғалым.
Н. Уәли қазақ орфоэпиясын тек сөздердің дұрысайтылу ережесі ретінде емес, ұлттың тарихижадын, дүниетанымын, мәдени кодын бейнелейтінрухани мұра ретінде қарастырды. Ғалымныңайтуынша, қазақтың дыбыстау нақышы – халқымыздың рухани-мәдени болмысын танытатынерекше қазына. Бұл нақыш арқылы тек сөздіңформасы емес, ішкі мазмұны, сөйлеушініңэмоциясы, тіпті тарихи-фольклорлық сипат та айқындалады. Ол орфоэпияны ұлттың "дыбыстықпортреті" ретінде бағалап, тың көзқарас ұсынды.Ғалым орфоэпиялық норма әдеби тілдің ауызша нормасымен пара-пар екенін айта келіп, ауызша норма қазақ тілінің дыбыстық жүйесін тірек екенін дәлелдейді. Осы тараушадаорфоэпиялық нормаға байланысты қиындықтар мен ерешеліктерді атап өтеді. 1-ші ерекшелік(қиындық) – жазу тәртібімен байланысы. Ғалымның ұстанымы – жазба мəтінді оқығанда жазба сөзге тəн кодты ауызша сөзге тəн кодқакөшіре білу қажет. Жазғанды оқу дегеніміз жазбакодты ауызша кодқа көшіру. Дыбысталған сөз бен қағазға түскен сөздің жүйесі дəлме-дəл сəйкескелмейді. Жазу-сызу тарихында ауызша таңбалармен жазба таңбалардың өзара тепе-тең түскен жүйесі болған емес. Тіпті ондай тепе-тең түсетін жазба жүйенің қажеті жоқ. Ауызша сөздің небір физикалық, материалдық элементтері «қағаз сыртында» қалып қояды да, мағынаға қызметететіндері ғана ескеріледі.
Н. Уәли қазақ тіліндегі үндестік заңына бағынбайтын сөздерді «бейүндес сөздер» деп атауды ұсынып, бұл терминге арнайы ғылыми түсініктеме береді. Мұндай сөздерді сингармонизмге еріксіз бағындырып жазудың немесе айту амалын қолданудың тілдік жүйеге теріс әсері барын нақты дәлелдермен көрсетеді. Бұл – қазақ орфоэпиясын жаңаша пайымдауға жол ашқан жаңалықтардың бірі.
Бесінші қыры – фразеология саласының білгірі.
Н. Уәли – қазақ фразеологиясын тек тілдік бірлік ретінде емес, ұлттық таным мен мәдениет көрінісі ретінде қарастырған алғашқы зерттеушілердің бірі. Ол фразеологизмдердің нормалануы мен қолдану аясына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, практикалық шешімдер ұсынды. Профессор Нұргелді Уәлидің 1997 жылы жарық көрген «Фразеология және тілдік норма» атты еңбегі – қазақ тіл біліміндегі фразеологияны норма, стиль және коммуникативтік-құндылық тұрғысынан зерттеген алғашқы кешенді зерттеулердің бірі. Ғалым бұл монографияда фразеологиялық тіркестердің қалыптасу заңдылықтарын, тілдік жүйедегі қызметін, нормативтілігін, варианттарын, қолданылу аясындағы ерекшеліктері, сондай-ақ қазіргі әдеби тіл нормасымен қатынасы терең лингвистикалық және мәдени-функционалдық тұрғыда қарастырды. Бұған дейін фразеологизмдер көбінесе лексикалық немесе стильдік бірлік ретінде қарастырылса, Н.Уәли бұл құрылымдарды тілдік норманың негізгі элементі ретінде қарастырды.
Алтыншы қыры – қазақтың этномәдени атауларының мәдени кодын танушы ғалым.
«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» — ұлттық дүниетаным мен тілдік мұраның тұтас жиынтығын жүйелеуге бағытталған іргелі энциклопедиялық еңбек. Бұл жобада Нұргелді Уәли – құрастырушылар мен ғылыми редакция алқасының белді мүшесі ретінде қатысып, қазақтың дәстүрлі лексика-фразеологиялық қорын, рухани және материалдық мәдениетінен туындайтын атаулар жүйесін, сондай-ақ тіл мен этномәдениет арасындағы байланысты ғылыми тұрғыдан негіздеген. Ғалым қазақ халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, наным-сеніміне, салт-дәстүріне қатысты сөздердің тілдік табиғатын терең саралап, оларды категориялық, ұғымдық және функционалдық белгілеріне қарай топтастыруда теориялық негіздеме жасады. Н. Уәли әрбір атаудың артындағы ұлттық мазмұн, мәдени коннотация мен когнитивтік құрылымды анықтауда өз зерттеулерімен үлес қосты. Энциклопедияда берілген этнографиялық атаулардың қалыптасу тетігі, қолданыс аясы, тарихи-мәдени трансформациясы Н. Уәлидің лингвомәденибағыттағы еңбектерімен тікелей байланысты. Ол этносөздер мен мәдени кодтардың заманауи тілдік бейнесін ғылыми сүзгіден өткізді.
Жетінші қыры – ғылыми ұйымдастырушы
Н. Уәли – ғылыми ұжымды біріктіріп, лингвистикалық ой-пікірдің алаңына айналған«Тілтаным» журналының негізін қалаушы әрішығарушы редакторы. Басылым отандық тілбіліміндегі іргелі зерттеулерді жүйелі түрдежариялап, жас ғалымдардың пікір алмасуына, ғылыми ізденісіне жол ашты. Сонымен бірге, «Тілтанымдық зерттеулер» атты сериялық басылымарқылы Институт қабырғасында орындалған іргеліеңбектерді ғылыми қауым назарына ұсынды. Н. Уәли редактор ретінде журналдың ғылымисапасын, бағыт-бағдарын, концепциялықтұтастығын қамтамасыз етті. Бұл Институт қабырғасында орындалған іргелі жобалар мен ғылыми есептердің нәтижесін көпшіліккежеткізетін жинақ болды. Серияны ұйымдастыруарқылы Н.Уәли ғылыми есептерді «жабық қордан» ашық алаңға шығарып, зерттеулердіңнәтижелілігін, тиімділігін арттырды. «Тілтаным» журналы мен «Тілтанымдық зерттеулер» жинағыарқылы ол ғылыми қоғамдастықтың бірегейдиалогтық алаңын жасақтады, бұл – кез келгентілшінің еркін пікір айтуына, зерттеуін ортағасалуына жол ашты. Нұргелді Уәли – ғылыми баспаісін ұйымдастыруда жаңашыл көзқарас пен жүйелібағыт ұстанған қайраткер-ғалым.
Сегізінші қыры – ғылыми мұрақалыптастырушы және инновациялықбағыттаушы ұстаз.
Н. Уәли – заманауи тіл біліміндегі когнитивтіклингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоэкология сынды бағыттарды қазақ тілінің табиғатынабейімдеп, ғылыми кеңістікке енгізіп жүрген ғалым. Ғалым антропоөзектік бағыттағы зерттеу әдістерінұлттық тіл табиғатына бейімдеп, оның теориялықнегізін қалыптастырды. Ғалым “Фоновое знание” терминіне “аялық білім” деген баламаны ұсынды, сәтті қолданыстан кейін, ғылыми айналымға түсті. Сондықтан болар Н.Уәлидің ғылыми еңбектері – қазақ тіл білімінің теориялық іргетасын бекіткен, әдістемелік мәдениетін орнықтырған қазыналымұра.
Нұргелді Уәлидің ғылыми мұрагерлік пен жаңашылдықты қатар ұштастырған ұстаздыққызметі – оның сегіз қырының бірі ретінде ерекшебағаланады. Ол шәкірт тәрбиелеуде әдіснамалықсауаттылықты, ғылыми тиянақтылықты жәнеұлттық танымды басты бағдар етіп алған. Жасзерттеушілерге бағыт-бағдар көрсетіп қана қоймай, ғылыми жаңалық ашуға қабілетті тұлға етіпқалыптастыруды көздейді.
Ғалымның жетекшілігімен 13 кандидаттық, 1 докторлық диссертация қорғалды. Демек, ғалымның ғылымдағы сара жолы, кейінгі буынғабағыт-бағдар берер өнеге мектебі бар. Ғалымұсынған тұжырымдар мен әдіснамалар – бүгінгіжәне ертеңгі тіл мамандарына бағдаршам іспетті, сонысымен ол тек зерттеуші емес, ғылым жолыныңбағыттаушысы ретінде мойындалады. Оныңеңбектерінде ұлттық рух пен қазіргі заман талабына жауап беретін ғылыми серпін қатартоғысады, бұл – нағыз академиялық ұстаздыңқолтаңбасы.
Нұргелді Уәли – ұлт руханияты мен тілтұтастығы жолында қажырлы еңбек етіп кележатқан сегіз қырлы ғалым! Нұргелді ағай – қарапайымдылығымен, ешбір мансапқа, атаққақызықпайтындығымен, тек қазақ тіл ғылымындамытудың оңтайлы жолын ізденуді ғана ұнататынқасиетімен бір сырлы ғалым!
Бүгін Нұргелді ағай 80 жасқа толып отыр. Ағайымызға зор денсаулық, отбасына амандық, ғылыми жасампаздық тілейміз! Ғылымдағыабыройлы, дара жолыңыз жалғаса берсін!
Айгүл Әмірбекова
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Гүлжаһан Снасапова
Қызылорда “Болашақ” университетініңпроректоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент