Қазақ футболшысы әлемнің ең қымбат үш ойыншысының қатарына кірді

Ол Алматылық "Қайрат" клубының және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының вингері - Дастан Сәтпаев.
Transfermarkt сайты футболдағы жас ойыншылардың нарықтағы бағасын қайта жаңартты. Жаңа рейтингке сәйкес, Сатпаев 17 жасқа дейінгі ең қымбат 100 футболшының тізіміне енген жалғыз қазақстандық спортшы атанды. Қазіргі таңда Дастанның трансферлік құны 1,8 миллион еуро деп бағаланған.
Бұған дейін "Қайрат" клубы Дастан Сатпаевтың ағылшындық "Челси" командасына сатылғанын мәлімдеген еді. Ол 18 жасқа толғанша алматылық клуб сапында өнер көрсетеді.
Айта кетейік, осы жас шектеуіндегі ойыншылар арасында отандасымыздан жоғары тек екі футболшы бар, олар мексикалық Хильберто Мора ("Тихуана" — 3 миллион еуро) және бельгиялық Натан Де Кат ("Андерлехт" — 2,5 миллион еуро).
Биылғы маусымда 16 жастағы Сатпаев Қазақстан Премьер-лигасында 13 матч өткізіп, 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.
Әзірге отандасымыз ҚПЛ-да үздік сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр.