Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:05, 13 Қыркүйек 2024

Алматыда 44 жастағы сержант өз-өзіне қол жұмсады

c
Фото: KazTAG

Алматының Түрксіб ауданындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағынан 44 жастағы сержанттың мәйіті табылды. Ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.  

Аталған фактіні ҚР Ішкі істер министрлігі растады.

«Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Бұған дейін ZTB Telegram арнасы Алматыда 44 жастағы сержанттың өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлаған болатын.