Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:32, 07 Желтоқсан 2023

«Балаларға алаңдаймыз»: Алматы іргесіндегі ауылда он күнде 20-дан астам үй тоналған

Талғар
Фото: из открытых источников

Алматы облысы Қызылқайрат ауылында екі аптаның ішінде 20-ға жуық үй тоналған, соның салдарынан ауыл тұрғындары түнде көше күзетіп, рейдке шығуларына тура келген, деп жазады Zhasalash.kz.

Бүгінде ауыл тұрғындары балаларына алаңдайтындарын айтып, тиісті орган шара қолдануын талап етуде. Адамдардың айиуынша, күдіктілердің психологиялық ауытқуы болуы мүмкін. Олай деулеріне тікелей себеп те бар.

«Екі бірдей сауып отырған сиырымды ұрлап кетіп, төмен жаққа апарып басын кесіп, ішек-қарнын ақтарып тастаған. Газ қостырамыз деп тірнектеп жинаған 950 мың теңге, алтын бұйымдарымды тонап кетті. Полицияға айттық, әзірге еш нәтиже жоқ», – дейді тағы бір тұрғыны Кемелхан Мұхамеджан.

Ұры-қарының қарасының көбейгенінен 1 аптаға жуық түнгі кезекшілікке шыққан.

«Қорқып қалдық. Жігіттер 4-5 күн болды, сағат 20:00-03:00 аралығында рейдке шығып жүр. Алдыңғы күні 2, сосын 3 үйді тонап кетті. Кеше рейдте жүрсек, сағат 21:00 шамасында тағы бір үйге ұрлыққа түскен», – дейді тағы бір тұрғын Ербол Жамбы.

Ал аудандық полиция департаменті ұрлықтың түнде емес, күндіз орын алып жатқанын мәлімдеді.

«Он күн ішінде 3 ұрлық жасалды. Бәрі тіркеліп тұр. Тергеу амалын жүргізіп, іздеп жатырмыз. Негізі, ұрлықты күндіз жасап жатыр», – деді Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Рүстем Жарықбасов.

Халық ұрылардың көбеюіне тікелей ауыл жағдайы, оның ішінде жолдар мен жарықтың тартылмауын себеп көреді.

«Халық сенімін ақтау үшін жұмыс істеп жүрмін. Бір айдың ішінде 10-нан аса баспанаға ұрлық түскен. Бүгін-ертең бәрін шешіп, жарық қоямын деп айта алмаймын, арнайы процедурасы бар, – деді Алатау ауылдық округінің әкімі Азамат Сейітов.

 

Тегтер: