Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:41, 20 Ақпан 2024

Қазақстанда алимент қоры құрылуы мүмкін

ұлттық қор
Фото: из открытых источников

Бұл туралы парламент сенатындағы үкімет сағатында ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

 

Бұл мәселені әділет министрлігі қарастырып жатқанын білемін. Мен мұны ұсыныс ретінде қабылдап, құқық қорғау блогымен және әділет министрлігімен бірге зерттеп, қосымша ақпарат берейін, — деді Тамара Дүйсенова сенат қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сонымен қатар вице-премьер аталған мәселені зерттеуге уәде берді.

Белітінім, белгілі бір топ бұл сұрақпен айналысты. Бірақ олар қандай мәмілеге келді, нақты немен айналысқаны туралы қазір жауап бере алмаймын. Сондықтан мен олардың немен айналысқанын нақтылауым керек. Әлемде мұндай тәжірибе бар, оны зерттеп, біздің еліміз үшін қаншалықты тиімді екенін көру керек, — деді ол.