Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:23, 28 Тамыз 2024

Қазақстан мен АҚШ Нью-Йоркке тікелей әуе рейсін ашу туралы келісімге келді

с
Фото: tripmydream

ҚР Көлік министрлігі Монреальдағы ИКАО штаб-пәтерінде АҚШ федералды авиациялық әкімшілігімен (FAA) Нью-Йоркке рейстерді ашу туралы келіссөздер өткенін мәлімдеді.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашуға бар күш-жігерін салуға келісті және ұшақтарды уақытылы жеткізу мен слот алу мәселелерін талқылады. Осылайша, 2025 жылдың соңында АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда. Рейстер кем дегенде аптасына 2 рет орындалады деп көзделген, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, биылғы 26-30 тамыз аралығында Астана қаласында FAA сарапшылары Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын іске қосуға қажетті 1 (CAT1) санатын алу үшін ұшу қауіпсіздігін алдын ала бағалау (IASA) бойынша жұмысты бастады.