12:13, 25 Желтоқсан 2023
Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсынған экс-депутат Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды

Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Мәди Ахметов Алматы облысы жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма жетекшісі болып тағайындалды.
Экс-депутат «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты лауазымдарын, Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында штаттан тыс кеңесшісі ретінде қызмет атқарған.
2021 жылы Мәди Ахметов Қазақстан парламенті мәжілісі тарихындағы ең жас депутат болған. Ол мәжіліске Nur Otan (Қаңтар оқиғасынан кейін Amanat партиясы болып өзгерген) партиясының тізімімен өткен. 2019 жылы Мәди Ахметов бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматыда ескерткіш қоюды ұсынған.