Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:47, 17 Қазан 2024

Ресей қазақстандық әуе компанияларын ішкі рейстерге тартқысы келеді

а
Фото: ашық дереккөз
Ресей Қазақстаннан ұшақ тапшылығына байланысты ішкі рейстерді ұйымдастыруды сұрап отыр, деп жазады The Moscow Times.

«Көлік министрлігі қазақстандық әуе компанияларын Ресей ішіндегі рейстерге тарту бойынша келіссөздер жүргізуде», - деді сәрсенбіде министр Роман Старовойт.

Басылым мәліметінше, Ресейде отандық тасымалдаушылардан ұшақ тапшылығы қаупі бар, сондықтан билік «достық» елдерден көмек күтуде.

Старовойттың айтуынша, бұл басқа елдің елді мекендері арасында шетелдік әуе компаниясының рейстер жасауы болып табылатын, каботаждық тасымалдаулар деп аталатын ұғымды білдіреді.

«Ресейде қазіргі уақытта мұндай құқыққа тек отандық әуе тасымалдаушылар ие», - деп көрсетілген материалда.

Тегтер: