Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 14:20

“ЦОН” қызметкерлері жалған құжаттар жасаған

Цон
Фото: ашық дереккөз

Қарағандыда Мысыр азаматтарының заңсыз еңбек қызметі әшкереленді.

Қазақстанда алғаш рет Мысыр азаматтарының заңсыз еңбек ету фактісі тіркеліп отыр. Қарағанды қаласындағы ірі құрылыс нысандарында рұқсатсыз жұмыс істеп жүрген осы елдің 14 азаматы ұсталды. Бұл туралы Көші-қон қызметінің өкілдері хабарлады.

Жүргізілген рейд нәтижесінде, шетелдіктердің құжаттары жалған екені анықталған. Тергеу барысында олардың визалық және еңбекке рұқсат құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталығының (ЦОН) қызметкерлері қолдан жасап бергені белгілі болды. Қазір ХҚКО-ның бірнеше маманына қатысты қылмыстық іс қозғалып, қызметтік жалған құжат жасау фактісі тергеліп жатыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы бес күн ішінде елімізде көші-қон тәртібін бұзудың 7 мыңнан астам фактісі тіркелген. 678 шетелдік азамат елден шығарылып, оларға Қазақстанға 5 жылға кіруге тыйым салынды. Сонымен қатар заңсыз жұмыс күшін пайдаланған отандық жұмыс берушілер де жауапқа тартылып жатыр.

Құқық қорғау органдары жалған құжаттармен күресті күшейтуді көздеп отыр. ХҚКО жүйесіндегі бақылау шаралары қайта қаралып, электронды құжат айналымындағы қауіпсіздік талаптары күшейтілетін болады.

Мамандар азаматтарды жалған визалар мен рұқсат қағаздарын жасатпауға, күмәнді делдалдарға жүгінбеуге шақырады. Заңды айналып өтудің арты елден шығарылу мен қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Тегтер: