10:22, 16 Қараша 2023
Джо Байден және Си Цзиньпин Калифорнияда келіссөз жүргізіп жатыр
АҚШ президенті Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кейінгі жылдары алғаш рет кездесті. Байден Қытай басшысын Сан-Францисконың оңтүстігінен 48 шақырым жердегі Филоли поместьесінде жылы қарсы алды.
Азаттықтың хабарлауынша,,екі басшы арасындағы келіссөз екі алып держава арасында қарулы қақтығыс, есірткі саудасы және жасанды интеллектіні дамыту мәселелері бойынша қайшылықты біршама бәсеңдетуге ықпал етуі мүмкін.
Ақ үйдің мәлімдеуінше, саммитің мақсаты – Вашингтон мен Пекин арасында, оның ішінде АҚШ пен Қытай әскері арасындағы қалыпты байланысты қалпына келтіру мақсатында екі ел әскери ведомстволары арасындағы байланыс арналарын жандандыру.
Екі саясаткер келіссөзден кейін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтыматастығы саммитіне қатысады.