Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:49, 01 Желтоқсан 2023

Нарынқолда Қытай туристері үшін жаяу өткізу пунктін ашу жоспарланып отыр

Қытай
Фото: из открытых источников

Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енді

Қытайдан келетін туристер үшін Нарынқол ауданында шетелдік туристер үшін жаяу өткізу пункті ашуды жоспарланып. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлады Zhasalash.kz Халық Үніне сілтеме жасап.

Өңір басшысының айтуынша, биыл жарты жылда ішкі туристер саны 13% өсіп, 1,1 млн адамға жеткен.

Сондай-ақ шетелдік туристер 12 есеге көбейіп, 74 мың адам болды. Нарынқол ауданында Қытайдан (келетін) туристерге арналған жаяу өткізу пунктін ашуды жоспарлап отырмыз, - деді Марат Сұлтанғазиев.

Облыс басшысының айтуынша, өткізу пунктін ашқан соң Алматы облысына келетін туристер саны 1,2 млн адамнан 2 миллионға дейін өседі деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, 10 қарашада Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енді. Екі тараптың келісіміне сәйкес, Қытай және Қазақстан азаматтары көрші елде шекарадан өткен күннен бастап 30 күнге дейін визасыз бола алады. Жалпы 180 күн ішінде визасыз 90 күннен артық жүре алмайды.