Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:40

Трамп Ормуз бұғазы мәселесіне байланысты НАТО елдерін «қорқақтар» деп атады

Трамп
Фото: REUTERS

АҚШ президенті НАТО-дағы серіктестерін Ормуз бұғазын блокададан шығару ісіне көмектескісі келмеді деп айыптады. Ол одақтастарын «қорқақтар» деп атап, олардың бұл әрекетін есте сақтайтынын мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен соғысқа қатысты ұстанымына байланысты НАТО одақтастарын «қорқақтар» деп атады. 20 наурыз, жұма күні ол Truth Social әлеуметтік желісінде серіктестерінің мұнай бағасының қымбаттауына шағымданатынын, бірақ Ормуз бұғазын ашуға көмектескісі келмейтінін жазды. 

Трамптың сөзінше, АҚШ мұндай әрекетті ұмытпайды. Сондай-ақ ол АҚШ-сыз НАТО «қағаз жолбарыс» екенін мәлімдеді.

Дональд Трамп одақтастардан Араб түбегі мен Иран арасындағы бұғаз арқылы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскери көмек көрсетуді талап етті. Германия мен бірқатар елдер бұл ұсыныстан бас тартқаннан кейін, АҚШ президенті НАТО-ны «өрескел қателік» жасады деп айыптап, Германия мен өзге елдердің ұстанымын «таңғаларлық» деп атады. Сонымен қатар, ол АҚШ-қа одақтастардың қолдауы аса қажет емес екенін де айтты.

Өз кезегінде Германия Қорғаныс министрлігінің өкілі DW сауалына жауап беріп, «Германия Таяу және Орта Шығыстағы қауіпсіздік жағдайына байланысты одақтастарымен және серіктестерімен тығыз кеңесіп жатыр» деп мәлімдеді. Сонымен бірге, Берлин қазіргі уақытта қатысып отырған OIR, UNIFIL, ASPIDES және NMI миссияларынан бөлек аймаққа қосымша әскер жібермейтінін атап өтті.

28 ақпаннан бастап — АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы басталғалы бері — әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газ тасымалының шамамен бестен бірі өтетін Ормуз бұғазы Иран әскерилері тарапынан жабылып қалған. Сонымен қатар, Иран Парсы шығанағы елдерінің бірқатар мұнай нысандары мен танкерлеріне соққы беруде. Бұл жағдай әлемде мұнай мен газ бағасының күрт өсуіне әкелді.