Live

Президент Түркістан облысындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Тоқаев

Президенттің өңірге сапары түркі әлемінің ең ұлы рухани және тарихи-мәдени қасиетті орындарының бірі — ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барудан басталды.

Мемлекет басшысы ұлы ойшыл әрі рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесенеде жерленген басқа да белгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.

 

Тегтер: Тоқаев
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз