Live

Қазақстанда емхана психологтарының жалақысына 300 пайыз үстемеақы төлеу ұсынылды

Қазақстанда емхана психологтарының жалақысына 300 пайыз үстемеақы төлеу ұсынылды

Мектеп оқушысы, медициналық тексеру, дәрігер

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі емханаларда жұмыс істейтін психологтарға лауазымдық базалық жалақының 300 пайызы, ал әлеуметтік қызметкерлерге 200 пайызы мөлшерінде үстемеақы төлеуді ұсынып отыр.

Министрлік "Ашық НҚА" порталында азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізуді көздейтін қаулы жобасын жариялады.

Құжатта алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша төлемдер қарастырылған.

Атап айтқанда, учаскелік терапевтер мен педиатрларға, жалпы практика дәрігерлеріне, учаскелік және жалпы практика мейіргерлеріне, фельдшерлерге, акушерлерге, патронаждық және мектеп мейіргерлеріне үздіксіз еңбек өтіліне байланысты мынадай үстемеақы төлеу ұсынылады:

  • Екі жылдан астам еңбек өтілі үшін – лауазымдық айлықақының 20 пайызы;

  • Үш жылдан астам еңбек өтілі үшін – 30 пайызы;

  • Бес жылдан астам еңбек өтілі үшін – 50 пайызы.

Сонымен қатар алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында халыққа тікелей қызмет көрсететін медициналық емес мамандарға психоэмоциялық және физикалық жүктемесі үшін қосымша ақы төлеу көзделген.

Атап айтқанда, психологтарға базалық лауазымдық айлықақының 300 пайызы, ал әлеуметтік қызметкерлерге 200 пайызы мөлшерінде үстемеақы белгілеу ұсынылып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының учаскелік қызметіндегі медицина қызметкерлерінің, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көтерілетінін еске салды.

Қаулы жобасы 7 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Әзірге бұл өзгерістер түпкілікті бекітілген жоқ.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз