Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 14:25

Астана әкімдігі «Мәсімовтің үйін» коммуналдық меншікке қабылдаудан бас тартты

Мәсімов
Фото: zhasalash.kz

Астана қаласының әкімдігі «Мәсімовтің үйі» деп танылған зәулім сарайды коммуналдық меншікке қабылдауды жоспарлап отырған жоқ. 

«Қазіргі уақытта аталған ғимаратты коммуналдық меншікке қабылдау жоспарланбаған», - деп мәлімдеді әкімдік.

Бұған дейін бұл үй аукционнан алынып тасталған болатын және оны қалалық әкімдікке беру жоспарланған еді. Алайда «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің хабарлауынша, егер ғимаратты мемлекеттік немесе коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылданбаса, оның келешегі активтерді басқару ережелеріне сәйкес шешілетін болады. Бұл — ғимаратты қайтадан саудаға шығарады деген сөз.

"Әлеуметтік маңыздылығын және заңнама талаптарын ескере отырып, бұл нысан электрондық сауда жоспарынан алынды. Нысанды әрі қарай пайдалану мәселесі жергілікті атқарушы органның мүдделерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен шешіледі", - делінген компания хабарламасында.

Айта кетейік, Астана қаласы Нұра ауданы Қараөткел шағын ауданы Ерейментау көшесі 1-үй мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй үш рет сатылымға шығарылған болатын. Нысанның бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге болған еді. Зәулім үйді үш рет аукционға шығарғанымен, сатып алушылар табылмады.

Үйдің фотосы ҰҚК 2022 жылы Кәрім Мәсімов қамауға алынғаннан кейін жарияланған кадрлармен сәйкес келеді. Одан кейін тергеу барысында комитеттің бұрынғы төрағасының, оның ішінде жылжымайтын мүлікті заңсыз иемдену фактілерін құжаттайтын құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің әрекеттерінен көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталды.

Үйге бірнеше түрлі көлемдегі жер учаскелері кіреді. Олардың бірінде гараж орналасқан. Үй мүліктерімен бірге 879 бірлік зат сатылып жатыр. Олардың арасында – жиһаз, тұрмыстық заттар, әшекейлер, коллекциялық монеталар, ескерткіш қарулар бар.

Мәсімов
Фото: ашық дереккөз

Еске салайық, Кәрім Мәсімов пен А.Садықұлов мемлекетке опасыздық жасады (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), ҚР-да билікті күшпен басып алды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) деп айыпталды. Д.Ерғожинге ҚР-да билікті күшпен басып алды, (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген, (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы). Ал М.Осиповке билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген айып тағылды (ҚК 362-бабының 3-бөлігі).

Кәрім Мәсімов ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды, жазаны ішінара қосу арқылы 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.